Рудный қаласының №19 орта мектебінде 17-қаңтар күні Жалпыреспубликалық біріңғай «Адалдық сағаты» өткізілді.
Іс-шара мақсаты:
- оқушылар бойларына парасаттылық, адалдық және әділдік қасиеттерін еске салу мақсатында;
- адамдармен қарым-қатынас дағдыларын жасауға баулу;
- адамдардың өмірінде әділдік пен адалдықтың алатын орны ерекше екені туралы ой-пікірлерін кеңейту.
Біріңғай сағатты «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтын жетекшісі Конарбаева А.К, мектеп инспекторы Түгел І.Ж. адамның ниеті, ойы, іс-әрекеті шындыққа негізделгенде адам өзіне де, өзгеге де адал болатынын, адам бойындағы асыл қасиеттер:адалдық,парасаттылық,әділдік және сенім дамыған ортада сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ деп айтып өтті.
«Қазақстан-2050» стратегиясына, «Рухани жаңғыру» жалпыұлттық бағдарламасына тоқталып өткізілген сағатпен байланыстырды.Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Сонымен қатар,қатысушыларға жағдаяттық сұрақтар қойылып, өз пікірлерін ортаға салды.
Мұндай шараларды өткізу балаларды жақсы қасиеттерді бойларына сіңіруге, адал, парасатты,сенімді болуға үйретеді.