Кәсіби шеберлігі жоғары, білімді, алғыр педагогтар ұжымын анықтау, жас педагогтардың ой – өрісін кеңейтіп, шығармашылық қабілеттерін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу, жас педагогтар арасындағы достық қарым – қатынасты қалыптастыру мақсатында 2019 жылдың 26 қараша күні «№19 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Ой мен ойын» атты жас мамандар арасында қалалық сайыс өтті. Сайысқа қаламыздың үш мектебінің жас мамандары қатысты. Сайыс төрт кезеңнен тұрды. Сайысқа әділ-қазылар алқасы ретінде қалалық білім бөлімінің әдіскері Сыч Нина Валеревна, Ыбырай Алтынсарин атындағы «Рудный әлеуметтік – педагогикалық коледжінің» қазақ тілі пәнінің мұғалімі Жуматаева Зибагуль Жумагалиевна, қалалық тілдерді оқыту орталығы басшысының орынбасары Сармантаева Айнур Еркінқызы болды. Сайыстың нәтижесі бойынша 1 орынға ие болған «№19 орта мектебі» КММ. 2 орын Бейімбет Майлин атындағы «№7 мектеп – гимназиясы» алса, 3 орынға «№15 орта мектебі» КММ иеленді. Кәсіподақ ұйымы дайындаған сыйлықтар мен қалалық білім бөлімінің грамотасымен марапатталды.