16 қазан күні «Кітап құмарлар» клубының ұйымдастыруымен «Рухани жаңғыру-болашаққа бағдар» бағдарламасының «Саналы азамат» базалық бағытының «Кітап білім бұлағы» жобасын жүзеге асыру және кітап оқуды насихаттап, оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттырып, көпшілік алдында сөйлеу мәнерін қалыптастыру мақсатында READx жобасы аясында іс- шара өткізілді. Жобада бастауыш сынып мұғалімдері Д. Сәбитбек «Қазақ балалар әдебиетінің классикалық үлгілері» , А.Баязитова Ө.Ақыштың «Керек кітап», және 8 «А» сынып оқушысы Ұ.Салиева А.Гамеевтің «Керей мен Жәнібек», 4 «Ә» сынып оқушысы М.Жұмабай Ж.Қасымбектің «Абылай хан» және 3 «А» сынып оқушысы А.Асанбаев «Назарбаевтай болғым келеді» оқыған кітаптарын кітаптарын достарына, көрермендерге ұсынды.