Мектепте 14 қазанмен 14 қараша аралығындағы «Құқық бұзушылықтың және зиянды заттардың алдын алу» бойынша жоспарланған іс-шаралар өткізілді.
18 қарашада 9-10 сынып арасында «Жастар өмірді мектепте қызықты өткізеді» тақырыбында дебат өткізіліп, оқушылар өз позициясын қорғады. 1-4 сыныптар арасында «Зиянды заттардан аулақ болайық» сурет конкурсы өткізіліп жақсы деп танылған суреттерден көрме ұйымдастырылды. 5-6 сынып оқушылары үшін «Жасөспірім құқығы және зиянды әдеттер» сынып сағаттары ұйымдастырылып, бейнероликтер көрсетілді.
Айлық аясында 8-9-10-11 сынып оқушыларына «Қостанай облыстық ЖҚТБ мен күрес және алдын алу орталығы» мамандары Дүниежүзілік ЖҚТБ мен күрес күніне орай семинар өткізді. С.А.Кадрон «Адамның иммун тапшылық вирусы» туралы оқушыларға мәлімет беріп, «Дәрежелі тәуекел» тренингін жүргізді.
12 қараша күні Рудный қаласы әкімдігінің ОЮП ОМПС УП орынбасары Н.Б. Нурекиннің қатысуымен 6-11 сынып аралығында ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында жасөспірімдер арасындағы әкімшілік құқық бұзушылық жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар өзерін қызықтырып жүрген сұрақтарына жауап алды.
Сонымен қатар, 10-11 сынып арасында «Заң және жауапкершілік» атты видеоролик конкурсы ұйымдастырылып мектеп сайтына жүктелінді. Видеоролик үгіт сипатында жүргізілді жастар арасындағы адамгершілік, мейірімділік, оқушылардың заң білімі жөнінде түсірілді