Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам» атты бағдарламалық мақаласы қоғамдағы еңбек адамының мәртебесін көтерудегі маңызды құжатқа айналғандығы белгілі.
Рудный қаласы әкімдігінің «№ 19 орта мектебі» КММ «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру, әр маман иесін дәріптеу мақсатында «Жаныңда жүр жақсы адам» жобасы әзірленді. Жобаға өз мамандығынының майталмандары, ісімен де, сөзімен де үлгі тұтарлық жандар қонаққа шақырылады деп жоспарлануда. Қатысушылар оларды бейресми жағдайда, өзге қырынан, бұрын-соңды айтылмаған, көпшілік біле бермейтін тұсынан танитын болады және өмірдегі шынайы образын оқушылар көкейлерінде жүрген түрлі сауалдарымен ашады.
16 қазан күні сағат 12.00 аталған жобаның тұсаукесері өтті. Кездесудің алғашқы қонағы ретінде «Рудный қаласының құрметті азаматы», кенші, ақын Қасымқайыр Қазыбайұлы Дүйсенбаев шақырылды.
Кездесу кешінің кейіпкерін жан-жақты ашу мақсатында кеш ІІІ блокпен өткізілді. «Қасымқайыр Қазыбайұлы-кенші» — өмірі мен еңбек жолы айтылса, «Қасымқайыр Қазыбайұлы-ақын»-шығармашылығы, ал «Қасымқайыр Қазыбайұлы-қоғам қайраткері» блогында кейіпкердің мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатындағы атқарған қызметтері жайлы айтылды. Оқушылар ақынның «Инженермін», « Абайдың 150 жылдығына», «Кенді қала», «Келгем жоқ бұл өмірге мақтасын деп», «Кешегі арман қала-бүгінгі баспанамыз» атты өлеңдерін жатқа оқыды. Қонақтардың құрметіне мектебіміздің әншісі Нұрадинов Нұрғиса халық әні «Бір бала» әнін нақышына келтіре орындады.
Кеш қонағы Рудный қаласы ардагерлер кеңесінің төрағасы С.С.Бексейітов Қасымқайыр Қазыбайұлының еліміз, қаламыз үшін атқарған игі істерін атап өтіп, денсулық, шығармашылық табыс тіледі.
Осындай кездесу кештері үлгі тұтарлықтай қонақтарымыздан үлгі-өнеге алып қана қоймай,сондай дәрежеде болуға ұмтылуға септігін тигізері сөзсіз.